Нубиялықтар (өз атауы нуба) — Солтүстік Африкадағы халықтар тобы. Олар Суданның солтүстігіндегі және Египеттің оңтүстік-шығысындағы Нубия тарихи аймағында тұрады. Өздерінің жерінің солтүстік бөлігін су басу нәтижесінде Нубияның бір бөлігі Египет қалаларына және Суданның шығысына көшті. Судандағы Кордофан үстіртінде таулы нубиялықтар (карко, гулфан, диллинг, вали, кадару, т.б.) тұрады. Дарфур үстіртінде (Суданның батысында) биргидтер тұрады. Жалпы саны 2,3 млн-дай, оның 1,2 млн-ы Суданды мекендейді (2000). Кейбір топтары арабтармен толық араласып кеткен.
Нубиялықтар | |
нуба | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2,3 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
1,2 млн. | |
1,1 млн. | |
Тілдері | |
| |
Діні | |
Тілі
Ніл-Сахара тіл шоғырының шари-ніл тобындағы сөйлейді. Көне Нубия тілін сақтаған махас-фадидиса және донгола-кунуз диалектілеріне бөлінеді. Жазуы негізінде. Араб тілі де кең тараған.
Діні
Діні бойынша – сүнниттік мұсылмандар.
Тарихы
Нубиядағы бірінші мемлекет (Куш патшалығы) б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта құрылған Мероит патшалығы б.з.б. 8 – 7 ғ-ларда бүкіл Ніл жазығына өз билігін орнатты. Б.з. алғашқы ғасырларында Нубия мероит әліпбиі негізінде өз жазуын қалыптастырғанымен, оны 9 – 10 ғасырларда араб әліпбиі ығыстырып шығарды. Орта ғасырларда Нубия аумағынданда Аксум (2–11 ғ-лар), Мукурра (6–7 ғ-лар) және (6–15 ғ-лар), Сеннар (16–19 ғ-лар) мемлекеттері өмір сүрді.
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері суармалы егіншілік (астық, бау-бақша, бақша, май және құрма және т.б.), мал өсіру (ұсақ және ірі қара мал, бір өркешті түйе), құс шаруашылығы (көгершін, тауық, қаз) және балық аулау. Керамика, тері, зергерлік қолөнер, ағаш ою өнері жоғары дамыған. Нубиялықтардың едәуір бөлігі жалдамалы жұмыс істейді. Кейбір ауылдарда ересек еркектердің көпшілігі жұмысқа жалдануға кетеді.
Өмір салты
Дәстүрлі қоныстары үлкен ауыл немесе шағын қалашық болып келеді. Тұрғын үйлері шикі кірпіштерден салынып, оның биік қасбеті символдық бейнелермен боялған, үлкен отбасына арналады.
Дәстүрлі киімдері Египет және Судан арабтарының киімдеріне ұқсас (кең көйлек, шалбар және галабея), ер адамдар еуропалы үлгідегі костюм де киеді.
Негізгі тағамдары – құрма, жұқа нан мен сары май, дәмдеуіштер қосылып, дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастардан дайындалатын мәзірлер. Олар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көп тұтынады.
Фольклор нубия тілінде де, араб тілінде де айтылатын әндермен сипатталады.
Дереккөздер
- Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://bre.mkrf.ru/ethnology/text/2673019 22 тамыздың 2023 жылы.
- Нубийцы https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/295032
- Нубийцы http://www.etnosy.ru/taxonomy/term/344
- Народы и культуры Нубийцы https://travel-journal.ru/ethno/41/1102/
- народы мира / Нубийцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=NUBI
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер