Оскар Де Ла Хойя (ағылш. Oscar De La Hoya; 4 ақпан 1973, Монтебелло, Калифорния, АҚШ) — американдық кәсіпқой боксшы, бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. 1992 жылғы Олимпиаданың 60 килограммға дейінгі чемпионы. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы (WBO тұжырымы, 1994), лёгкой (WBO тұжырымы, 1994— 1995; IBF тұжырымы, 1995), бірінші жартылай орта (WBC тұжырымы, 1996— 1997), жартылай орта (WBC тұжырымы, 1997— 1999), бірінші орта (WBC тұжырымы, 2001— 2003 және 2006— 2007; WBA тұжырымы, 2002— 2003) және орта (WBO тұжырымы, 2004) салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы. Лақап аты — «Алтын бала» (Golden Boy). 2009 жылы 15 сәуірде Лос-Анджелестегі пресс-конференцияда кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оның қатысуымен өткен айқастарды теле-гиганттар 696,000,000 $ қаражатқа сатып алған. Сондықтан ол қазіргі уақытта кәсіпқой бокс тарихындағы ең төлемі жоғары боксшы болып саналады (ол дебютті айқасында 200 мың $ тапқан — мұндай ақшаға чемпиондардың қолы жете бермейтін). Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаған. Әнші Милли Корретхерге үйленген.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер