Пептидтер (гр. πεπτος — құнарлы) — амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар. Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай ди-, три-, тетра- пептидтерге, олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді. Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде аминтобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек. Кейде олар тұйық түрде де кездеседі — (кепшілік токсиндер„ гормондар, антибиотиктер). Пептидтер биологиялық қасиеттері бар заттардың көбісі жатады. Тірі торшада олар амин қышқылдарынан түзіледі немесе белоктардың ферментті ыдырауынан туады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelpqTDFCbGNIUnBaR1ZmWW05dVpHbHVaeTVuYVdZdk1qSXdjSGd0VUdWd2RHbGtaVjlpYjI1a2FXNW5MbWRwWmc9PS5naWY=.gif)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDA5NGVYUnZZMmx1TG5OMlp5OHlNakJ3ZUMxUGVIbDBiMk5wYmk1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Адам ағзасында кездесетін табиғи пептидтер әртүрлі маңызды қызметтерді атқарады. Мысалы, глутатион тотығу-тотықсыздану реакцияларында протонды беруші және қабылдап алушы, окситоцин - сүт бөлінуіне, жатыр бұлшықеті жиырылуына, вазопрессин - бүйректегі реабсорцияға тікелей қатысады. Пептидер зат алмасуын реттеуде де (гипоталамус ризилинг-гормондары және басқалары), асқорытуда да (гастрин,холецистокинин), АҚ тонусын реттеуші (брадикинин), ауырсынуды басушы (опиоид пептидтер), жүйке жүйесі қызметін реттеуде де маңызды биохимиялық рөлді орындайды.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
- Биохимия:Учебник/ Под ред.Е.С.Северина.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД.2004.-784с.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер