Пішендеме - көк шөптің нәрлігін сақтауға мүмкіндік туғызатын жемшөп дайындау әдісі. Пішендемеге қиын сүрлемделетін , әдетте, бұршақ тұқымдастарын салады. Пішендеме дайындау үшін шабылған көкті 45-55% ылғалдылыққа дейін дегдітіп, ор не траншеяға ұсақтап салып, мұқият нығыздап, ауа кірместей қымтап жабады. Бұл ылғалдылықта «физиологиялық құрғақтық» жағдайына енетін өсімдік торшасының су, яғни нәрін, ұстау күші бактериялардың сору күшінен басым түседі, де жағдайда олар ұзақ мерзім сақталады. Соның нәижесінде, бір жағынан пішен секілді құрғап қатаймаған (іріленбеген), екінші жағынан сүрлем секілді бүкіл қанты ашытылып, қатты қышқылданбаған, тұщы (рН=5-5,5), мал сүйсініп жейтін хош жеміс иісті азық дайындалады. Онымен қысқы мал азығыңда пішен мен сүрлемді алмастыруға болады. Бұршақ тұқымдастар көгінен дайындалған 1 кг пішеңдеменің жалпы қоректілігі - 0,3-0,4 а.ө. құрап, 70-90 г қорытылатын протеині болады.
Дереккөздер
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер