Роберт Джеймс Фишер, Бобби Фишер ретінде белгілі (ағылш. Robert James Fischer; 9 наурыз 1943 жыл, Чикаго, АҚШ – 17 қаңтар 2008 жыл, Рейкьявик, Исландия) — америкалық шахматшы, шахматтан әлемнің 11-чемпионы (1972 – 75), халықаралық гроссмейстер (1958). Шахматтан “Оскар” сыйлғының лауреаты (1970 – 72). АҚШ чемпионатының 8 дүркін жеңімпазы (1957 – 67). Алғаш шахмат ойнауды 6 жасында бастады. Манхэттендегі шахмат клубына барған соң, 12 жастағы Фишер мектеппен қош айтысып, барлық уақыты мен бойындағы бар ынта-жігерін шахматқа арнады. Бос кезінде әнмен, жүзу және баскетболмен айналысады.
Роберт Фишер | |
ағылш. Robert Fischer | |
![]() | |
Мемлекеттер | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Роберт Джеймс Фишер |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Лауазымы | Гроссмейстер (1958) |
Максималды рейтингі | 2785 (шілде 1972) |
Марапаттары мен сыйлықтары | Шахматтан әлем чемпионы (1972-1975) |
Роберт Фишер Ортаққорда | |
13 жасында испан, неміс, француз тілдерін меңгерген. 14 жасында ересектер арасында АҚШ чемпионы, 15 жасында әлемдегі ең жас халықаралық дәрежедегі гроссмейстер атанды. 1958 жылы Порторождағы халықаралық турнирде 5 – 6-орынды бөлісіп, 1962 жылы Стокгольмде өткен аймақаралық турнирде Т.Петросян мен Е.Геллерден 2,5 ұпай озып, бас орынды иемденеді. Жарыста жеңіліске ұшырамай, 22 мүмкіндіктен 17,5 ұпай жинады. 1967 жылы Тунистің Сус қаласындағы аймақаралық турнирде 1-орында келе жатқанына қарамастан, мінез көрсетіп, жарыстан шеттетілді.
Біраз үзілістен кейін 1970 жылы Пальма-да-Мальоркадағы аймақаралық турнирде озып шығып, үміткерлер матчында М.Таймановты – 6:0, Б.Ларсенді – 6:0, Петросянды 6,3:3,5 есебімен ұтты. Шешуші кезеңде 1972 жылы Исландияның астанасы Рейкьявик қаласында Б.Спасскийді 12,5:8,5 есебімен жеңген Фишер әлем чемпионы атанды. 1975 ж. чемпиондық атаққа үміткер А.Карповпен кездесуден бас тартты. Фишердің бұл қылығына шыдамаған Халықар. шахмат федерациясы (ФИДЕ) Карповты әлем чемпионы деп жариялады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — Америка Құрама Штаттары туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ізашары: Борис Спасский | Шахматтан әлем чемпионы 1972-1975 | Ізбасары: Анатолий Карпов |
Шахматтан әлем чемпиондары | ||
---|---|---|
1993 жылға дейін | ||
![]() ![]() | ||
1993–2006 | ||
ФИДЕ нұсқасы бойынша | PCA нұсқасы бойынша | |
Анатолий Карпов | | | | | | Гарри Каспаров | | |
2006 жылдан кейін | ||
| | Магнус Карлсен | |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер