Руслан Шохметұлы Әубәкіров (7.05.1960 жыл, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы) - қоғам қайраткері. Қазақ. Арғын тайпасының Қуандық руының Темеш бөлімінен шыққан.
Руслан Шохметұлы Әубәкіров | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1960 мамыр |
Білімі
С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының математика факультетін (1981) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мөмлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару факультетін (2005) менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Қоғамдық қызметі
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан).
Еңбек жолы
- 1981 жылдан - Целиноград облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылында кеңшар-техникумның дәріскері.
- 1982 жылдан - Целиноград облысы Жақсы ОКТУ комсомол комитетінің қызметінен босатылған хатшысы.
- 1984 жылдан - Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің хатшысы.
- 1985 жылдан - Торғай облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, 1986 жылдан - мектеп және студент жастары бөлімінің мөңгөрушісі.
- 1988 жылдың қаңтарынан - Целиноград облыстық комсомол комитеті мектеп және студент жастары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1988 жылдың мамырынан - бөлім меңгерушісі.
- 1990 жылдан - Целиноград облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1991 жылдың мамырынан - бірінші хатшысы.
- 1991 жылдың қарашасынан -Қазақстан Жастар одағы Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1993 жылдан - «Политек» ЖТАҚ коммерциялық директоры (Целиноград қ.).
- 1997 жылдан - «Агрофирма TNK» ЖШС директоры (Ақмола облысы Жақсы ауданының Жақсы кенті).
- 2001 жылдан - Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі.
- 2004 жылдан - Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі.
- 2006 жылдан бері - Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі. «Нұр Отан» ХДП Атбасар аудандық филиалының төрағасы (2006 жылдан).
- 18.02.2013 жылдан осы уақытқа дейiн Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып қызмет атқарады.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Ерен еңбегі үшін» (2004)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Шені
Әскери атағы - майор.
Отбасы
- Әкесі - (1915-1982), Қорғалжын аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Анасы - Әубәкірова Мағрифа Сейісқызы (1928-2002), тұтыну кооперациясы жүйесінде қызмет еткен.
- Үйленген. Жұбайы - Әубәкірова Алма Қайырғалиқызы (1959 ж. т.).
- Қыздары - Меруерт (1982 ж. т.); Мәлика (1987 ж. т.); Ұлжан (1995 ж. т.); Аружан (1998 ж. т.);
- ұлдары - Әнуар (1983 ж. т.); Назар (1989 ж. т.).
Дереккөздер
- Тәукетегі Қасым Аппасұлы және т.б. = Темеш шежіресі / Тәукетегі Қасым Аппасұлы және т.б. — Астана: Сарыарқа, 2009. — 638 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-536-95-3.
- Әубәкіров Руслан Шохметұлы, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы 18 желтоқсанның 2018 жылы.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер