Сай-Өтес эксперименті (ресми емес атауы Маңғышлақ) – кеңес үкіметінің өндірістік мақсаттағы термоядролық жарылыстары (мақсаты шөлейт, құрғақ жерлерде су қорын жинауға арналған үлкен ойық жасау болатын) болып табылады.
Эксперимент 1969-1970 жылдары жүргізілген және бірнеше болған. Құжаттар бойынша, экспериментті атқару Орташа машинажасау министрлігіне жүктеліп, Сай-Өтес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 100-115 шақырым жерден (қазіргі Маңғыстау облысы) эксперимент өткізуге орын бөлінген
Осы жобаның аясында үш сынақ өткізілген. Екі жарылыстың нәтижесінде эксперимент ішінара орындалып, жер беті аздап шұңқырайған. Бірақ эксперимент табысты болмады. Себебі жерастындағы тау жыныстары жарылған кезде бірақ үгітіліп кетпей, жиналған су кесек тастардың арасынан тоқтамай ағып кете берді.
Сынақ саны | Мерзімі мен сынақ уақыты | Сынақ өткізілген мекендер координаталары | Шұңқыр тереңдігі | Қуаттылық күші | Түсініктемелер |
---|---|---|---|---|---|
№ 313 Сынақ Маңғышлақ-1 | 6 желтоқсан 1969 жыл 10:00 | Скважина № 2Т 43°52′38″ с. е. 54°47′52″ ш. б. / 43.87722° с. е. 54.79778° ш. б. (G) (O) (Я) | 410 м | 30 кт | кен орнындағы апатты ликвидациялауға В. С. Лебедев пен В. А. Разуваевпен қолданылған заряд. |
№ 329 Сынақ Маңғышлақ-2 | 12 желтоқсан 1970 жыл 10:00 | Скважина № 6Т 43°52′38″ с. е. 54°47′52″ ш. б. / 43.87722° с. е. 54.79778° ш. б. (G) (O) (Я) | 740 м | 80 кт | Шұңқыр пайда болған жоқ. |
№ 331 Сынақ Маңғышлақ-3 | 23 желтоқсан 1970 жыл 10:00 | Скважина № 1Т 44°01′23″ с. е. 54°55′51″ ш. б. / 44.02306° с. е. 54.93083° ш. б. (G) (O) (Я) | 500 м | 75 кт |
Дереккөздер
- П. Л. Подвиг, О. А. Бухарин, Б. В. Железов және т.б. Стратегическое ядерное вооружение России 478. М, ИздАТ, isbn = 5-86656-079-8 (1998).
- И. А. Ахтамзян, Ядерный фактор в Центральной Азии, Южный фланг СНГ. Центральная Азия — Каспий — Кавказ: возможности и вызовы для России = The Cis Southern flank. Central Asia — Caspian — Caucasus: hrospects and challenges for Russia, М., Логос, 2003, isbn 5-94010-232-8, 201 бет
- А. В. Яблоков Миф о безопасности и эффективности мирных подземных ядерных взрывов 49-50, 147, 157. М, 2003.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер