Сайрауық шырылдақ (лат. Locustella certhiola) — Торғайтәрізділер отрядының Сандуғаштар тұқымдасының Шырылдақтар туысына жататын басы және жоны теңбілді, құйрықүсті қызғылтсары, орташа денелі шырылдақ құс. Бұл да көптеген шырылдақтар тәрізді бүғыншақ Сайрауық шырылдақтың әні өзіне тән, шырылдақтардан гөрі айқабақтарға өте ұқсас. Аталықтар ұшып келген күннен тамызға дейін сайрайды, сонымен бірге әуен қызған кезде күні бойы, тіпті түнде де сайрайды. Ұялары қалың шөп арасында болады. Шырылдақтар ұларын мүкпен жабады деген мәлімет бар. Салынды да 4-6 жіңішке ирек сызықшалы қызғылт секпілді ұызғылттау жұмыртқалары болады. Ұялаум тіршілігі егжей-тегжейлі айқындалмаған. Мамырда ұшып келіп, қыркүйекте ұшып кетеді. Сайрауық шырылдақтың Қазақстанда тек қана екі жерде шығыста және оңтүстік-шығыста анық ұялайтыны белгілі.
Сайрауық шырылдақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() In , , . | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Locustella certhiola (, 1811) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemd3TDB4dlkzVnpkR1ZzYkdGZlkyVnlkR2hwYjJ4aFgwMUlUbFF1V2s5UExqSXdNVEF1TVRFdU1UazFMakl6TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxTWIyTjFjM1JsYkd4aFgyTmxjblJvYVc5c1lWOU5TRTVVTGxwUFR5NHlNREV3TGpFeExqRTVOUzR5TXk1cWNHYz0uanBn.jpg)
Дереккөздер
- Locustella certhiola. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,, 352 бет, Алматы: Атамұра