"Салсал" — діни дастан. Алғаш Қазан қаласында 1879 ж. жарық көрген (1883, 1888 ж. қайта басылған). Зерттеуші () ел аузынан жинап, баспаға әзірлеген. 1906 ж. “Салсал” қайта басылып барлығы (төрт басылымды қоса есептегенде) 23200 данамен тараған. Ахмет Байтұрсынұлы қиссаны мазмұнына қарай екі топқа жіктей келе, “дастан Алланы ұлықтау, ислам дінінің артықшылығын халықтың көңіліне ұялату мақсатында шығарылған” дейді. “Салсал” дастаны — ислам дінінің орнығып, нығаюы жолындағы жорықтарды сипаттайтын туындылардың типтік үлгісі. Шығарманың негізгі идеясы — ислам дінін насихаттау. Қиссада мифологиялық, фольклорлық көне сюжеттер, мотивтер кездеседі, онда аңыз-әңгімелер де қолданыс тапқан. Дастанда исламда тыйым салынған “сиқыршылық” мотиві, ертегілердегі “барса-келмес” сарыны, т.б. кездеседі. Шығарма кейіпкерлері асқан ерлік, батырлық көрсетеді, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) күйеу баласы Әлидің бейнесі алып күш иесі ретінде бәрінен жоғары тұрады. Қиссаны қағаз бетіне түсірген Жұмашев татардың діни медресесінде білім алғандықтан, туындыдан татар сөздерін молынан кездестіруге болады. Түрік саяхатшысы айтуынша, Салсал — моншақ шығаратын шеберхананың иесі, аңызға айналған кейіпкер. Аңыз бойынша Салсал жын-перілерден қамалын тартып алған, кейін соғыста Салсалды деген кісі өлтірген. Салсалдың сүйектерімен Ақкерман қамалының қабырғасын безендірген деген де аңыз бар. Демек, Салсал аты аңызға айналған батыр деуге негіз бар. “Салсал” дастаны Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
- Бабалар сөзі, 2-т., Аст., 2002.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер