Сарыбасқурай (лат. Sisymbrium) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.
Сарыбасқурай | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
Several, see text |
Ботаникалық сипаты
Өсетін жері
Қазақстанда шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі.
Түрлері
Сарыбасқурайдың бірнеше түрі бар:
- Дәрілік сарыбасқурай (Sіsymbrіum offіcіnale) - Алтайда, Іле Алатауында жиі кездеседі.
- (Sisymbrium loeselii), өзгергіш Сарыбасқурай, биік Сарыбасқурай) — жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы.
- (Sіsymbrіum subspіnescens) — эндемик түр деп саналады.
Сарыбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%-ға дейін май болады.
Емдік қасиеті және қолданысы
Дәрі жасау үшін сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Негізінен оны жас күйінде пайдаланған дұрыс, кептірілген өсімдіктің дәрілік қасиеті кемиді. Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрілік сарыбасқурайды көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қоладанады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.