Сарыжал – Қалба жотасының оңтүстігіндегі таулы жота.
Сарыжал | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | Орта және жоғарғы карбон |
Ұзындығы | 35-40 км |
Ені | 15-20 км |
Биіктігі | 1008 м |
Орналасуы | |
49°02′49″ с. е. 81°46′54″ ш. б. / 49.04694° с. е. 81.78167° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°02′49″ с. е. 81°46′54″ ш. б. / 49.04694° с. е. 81.78167° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Абай облысы Жарма ауданы жерінде орналасқан. Зайсан көлінен солтүстік-батысқа қарай 160-180 км жерде.
Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі 1008 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 35-40 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Баурайынан бірнеше бұлақ бастау алады. Шығыс етегімен Шар, батысымен Бөке өзендері ағып өтеді, тау беткейлері көлбеу.
Геологиялық құрылымы
Негізінен орта және жоғарғы карбонның гранит, порфир жыныстарынан түзілген. Алтын кен орындары (Юбилейный, Ақдіңгек) бар.
Өсімдігі
Етегіндегі қуаң сұр топырақта қараған, тобылғы өседі.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер