Сарыоба – Сарысу алабындағы Жезді бөгенінің батысындағы таулар.
Сарыоба | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 8 км |
Ені | 3 км |
Биіктігі | 427 м |
Орналасуы | |
47°32′43″ с. е. 67°17′34″ ш. б. / 47.54528° с. е. 67.29278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°32′43″ с. е. 67°17′34″ ш. б. / 47.54528° с. е. 67.29278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының орта тұсында, Жезқазған қалысынан оңтүстік-батысқа қарай 30–32 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биікігі 427 м. Бірнеше аласа таулардан тұратын тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері шамамен 3 км-ге жуық. Тау басы доғал, беткейлері енсіз жатық, сай-жыралармен тілімденген.
Өсімдігі
Бекембетсай қонысында (таудың оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігінде) бұта шоғырлары кездеседі. Шөл даланың сұр, ақшыл сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, ши, баялыш, еркек шөп, теріскен, т.б. шөптесіндер өскен.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),