Сауын айту. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салты. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту делінеді.Бұған әр жүз, әр ру мұндай асқа не тойға қымызын, той малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетеді және бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан-жақты қолдау көрсетеді. бұл туралы қазақта: "Той десе қу бас домалайды" — деген мақал бар. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. егер Ас беріліп жатқан болса болады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.
Дереккөздер
Ел аузынан
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер