Сауын маусымы - малдың желінінде сүт түзіліп, сауылатын мерзімі. Сауын маусымы ұзақтығы түліктің түріне, малдың физиологиялық жағдайына (буаз - қысырлығына) байланысты өзгереді. Қалыпты жағдайда сиырдың cауын маусымы - 10 ай (305 тәулік), биенікі - 4-5, қой мен ешкінікі - 4 ай, інгендікі -12-13 ай созылады. Сауын маусымы барысында тәуліктік сүт сауымының өзгеруін сауын сызығымен (лактационная кривая) бейнелейді. Сауын маусымы басқы сүттену кезеңінде (раздой) тәуліктік сүт сауымы күнделікті молайып, одан кейінгі сауынның қызған кезеңіңде (разгар лактации) жеткен жоғары деңгейіңде сақталады да, буаздықтың соңғы айларына сәйкес келетін суалту кезеңінде (запуск) бірте-бірте азайып, сиыр келесі cауын маусымында суалтылады.
Дереккөздер
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер