Бұл мақала әлі өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Сағынбай Нұрғалиұлы Нұрғалиев (1936-1996) - елдің сауда саласына үлкен үлесін қосқан еңбек ардагері, Маңғышлақ облыстық Советінің депутаты (1977), Гурьев қалалық Советінің депутаты (1990). Ол Есентемір руынан, тарайды. Арғы атасы Есенбай, Әкесі Нұрғали ел ішінде, ағайын-тума арасында жақсы істерімен көрінген, сыйлы болған. Негізгі тұрақтаған жерлері Қарабау, Мақат, Мұқыр ауылдары.
Сағынбай Нұрғалиұлы Нұрғалиев | |
Сағынбай Нұрғалиұлы Нұрғалиев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | ,
|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі | қоғам қайраткері, еңбек ардагері |
Әкесі | Нұрғали Есенбайұлы |
Анасы | Зағипа Қатымқожақызы |
Жұбайы | Ақжібек Ықсанқызы Нұрғалиева |
Балалары | Қалия, Гүлнар, Болат, Абат, Самат, Марат, Талғат |
Марапаттары мен сыйлықтары | бірнеше Мақтау қағаздары және медальдар |
Қысқаша өмірбаяны
- 15 маусым 1936 жылы Қарақалпақ АССР-ы Хожелі ауданында дүниеге келген.
- 1950 жылы қыркүйек айында Хожелі ауданы Хотеп ауылынан Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Жантерек стансасына көшіп келген.
- 1953 жылы Мақат орта мектебін бітірген.
- 1955 жылы Алматы сауда теxникумын бітірген (Қарғалы).
- 1955 жылы - Гурьев облысы Бақсай аудандық тұтынушылар одағында бас буxгалтер.
- 1956 жылы - Мақат аудандық сауда базасында бас буxгалтердің орынбасары.
- 1963 жылы - Қызыл-Қоға аудандық тұтынушылар одағында бас буxгалтер.
- 1967 жылы Қызыл-Қоға аудандық тұтынушылар одағының төрағасына сайланған.
- 1973 жылы Маңғышлақ облыстық тұтынушылар одағының төрағасына сайланған.
- 1976 жылы - Гурьев облыстық тұтынушылар одағы сауда саласының орынбасары.
- 1987 жылы - Гурьев қалалық өнеркәсіп сауда бөлімінің төрағасы.
- 1988 жылы Гурьев облыстық "Казтекстильторг" базасының төрағасы қызметіне сайланған.
- 20 мамыр 1974 жылы Қазақ ССР Тұтынушылар одағы Советіне мүше болып сайланды.
- 1975 және 1977 жылдары Маңғышлақ облыстық Советінің депутаты болып сайланды.
- 1990 жылы Гурьев қалалық Советінің депутаты болып сайланды.
- Сағынбай Нұрғалиев сонымен бірге бірнеше рет Мақтау қағаздарымен және медальдармен марпатталды.
- Өзінің балаларына арнап өсиет қалдырып кеткен, арнайы күнделік дәптерін бастаған.
- Сағынбай Нұрғалиұлы Нұрғалиев 1996 жылы 23 сәуір күні дүниеден өтті. Атырау облысының Мақат ауылында жерленген.
Жанұясы
- Зайыбы - Ақжібек Ықсанқызы Нұрғалиева, 1936 жылы туған.
- Қызы - Қалия Сағынбайқызы Нұрғалиева, 1960 жылы туған, Атырау облыстық реанимация бөлімінің бастығы.
- Қызы - Гүлнар Сағынбайқызы Нұрғалиева, 1963 жылы туған.
- Баласы - Болат Сағынбайұлы Нұрғалиев, 1966 жылы туған, құрылыс саласында жұмыс жасайды.
- Баласы - Абат Сағынбайұлы Нұрғалиев, 1967 жылы туған.
- Баласы - Самат Сағынбайұлы Нұрғалиев, 1969 жылы туған, инженер.
- Баласы - Марат Сағынбайұлы Нұрғалиев, 1971 жылы туған, жеке кәсіпкер.
- Баласы - Талғат Сағынбайұлы Нұрғалиев, 1974 жылы туған, жеке кәсіпкер.
Сағынбай Нұрғалиев туралы
- Сағынбай Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің өмірбаяны, балаларына арнап қалдырған өсиеті, бастаған күнделігі және ол жайлы естелік әңгімелер мен арнау өлеңдер "АҚЫЛ мен ІЗЕТ" (Семей 2006) атты кітапта жазылған.
Сағынбай Нұрғалиев көшесі
- "АҚЫЛ мен ІЗЕТ" кітабы шыққалы жатқанда Атыраудан жағымды жаңалық келді. Қаланың бір көшесі Сағынбай Нұрғалиевтің атына беріліпті. Бұл да Сағынбайдың отбасына, өзіне деген үлкен адамгершілік құрмет деп білеміз.
Сыртқы сілтемелер
- | Жұлдызы биік жан еді... 9 мамырдың 2018 жылы.
- | Сағынбай Нұрғалиев жайлы естелік әңгіме 9 мамырдың 2018 жылы.
Дереккөздер
- Нұрғалиев С. "АҚЫЛ МЕН ІЗЕТ": Естелік, әңгіме, эссе Семей, 2006.-160 бет.