Сейшель Аралдары Республикасы (фр. République des Seychelles, ағылш. Republic of Seychelles, ) — Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы аралдарға орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 405 км². Халқы 79 мың (2000), негізгі тұрғындары креолдардан басқа негрлер, үнділер, қытайлар, ағылшындар. Ресми тілі — , француз, ағылшын тілдері. Халқының 80%-ы католиктер. Мемлекет басшысы президент. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиын (бір палаталы парламент). Астанасы — Виктория қаласы. Әкімшілік жағынан 23 ауданға бөлінеді. Ақша өлшемі — .
Сейшель Аралдары Республикасы фр. République des Seychelles ағылш. Republic of Seychelles | |||||
| |||||
Ұран: «лат. Finis Coronat Opus» | |||||
Әнұран: | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 29 маусым 1976 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | француз тілі, және ағылшын тілі | ||||
Елорда | Виктория | ||||
Ірі қаласы | Виктория | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Прпезиденті Вице-президенті | |||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы | Әлем бойынша 181-ші орын 459 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы | 94 228 адам (195-ші) 205,3 адам/км² (67-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда | 2,919 млрд. $ 30,486 $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда | 1,564 млрд. $ 16,332 $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,797 (жоғары) (62-ші) | ||||
Валютасы | |||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | |||||
ISO коды | SC | ||||
ХОК коды | SEY | ||||
Телефон коды | +248 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+04:00 және Indian/Mahe |
Ірі аралдары: , , Силуэт, . Ең биік жері — шыңы (915 м) аралында. Климаты субэкваторлық, теңіздік. Ауаның орташа айлық температурасы 26 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 4000 мм. Орталық бөлігінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Алып тасбақа, құстардың көптеген түрлері мекендейді.
Сейшель Аралдарынан 16 ғасырдың басында португал теңізшілері ашты. 18 ғасырда француздар отарлады. 18 ғасырдың аяғына қарай ағылшындар басып алып, 1810 ж. Англияның иелігі болып жарияланды. 1814 ж. көршілес британ иелігі біріктірілді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе 1960 — 70 ж. елде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1970 ж. елге ішкі автономия берілді. 1976 ж. 28 шілдеде тәуелсіз республика болып жарияланды. 1977 ж. әскери төңкеріс болып, бір партиялы мемлекетке айналды. 1993 ж. жаңа конституциясы бекітіліп, демократиялық даму жолына түсті.
Сейшель Аралдары — аграрлық ел, экономикасында балық аулау кәсібі мен туризм басты орын алады. Кокос пальмасы, темекі, эфир майлы өсімдіктері өсіріледі. Ірі кәсіпорындары жоқ, тұрмыстық бұйымдар жасайтын шағын шеберханалар ғана бар. Теңіз және әуе порты — Виктория. Сырттан күріш, астық, қант, мұнай өнімдерін, тұтыну тауарларын сатып алып, экспортқа балық, эфир майлы өсімдіктерді шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропа Одағы елдері, АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы.
Дереккөздер
- Seychelles. International Monetary Fund.
- 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер