Серік Әкпенұлы Аяғанов (10 сәуір 1952 ж.т., Біржан сал ауданы Степняк қ.) — ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты (1999), докторы (2003), ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2005).
Әкесі - Аяғанов Ақпен (1906-1958), ҰОС қатысқан, жол шебері болған. Анасы - Аяғанова Бәтен (1912-1991), үй шаруасымен айналысқан.
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген (1975), дәрігер.
- (2005) бітірген.
- 1975 жылдан - Қарағанды қалалық №3 ауруханасының дәрігер-интерні.
- 1976 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының хирург-дәрігері.
- 1981 жылдан - Ленин аудандық ауруханасының бас дәрігері.
- 1987 жылдан - Көкшетау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі.
- 1992 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
- 2005 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы.
- 2011 жылдан бастап Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады
Ғылыми жұмысы
- Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Асциттіксиндромды шағын инвазивтік технологияларды қолдану арқылы анықтау және кешенді хирургиялық емдеу».
- «Құрсақ аймағының және іш қуысының ауруларын видеоэндоскопиялық зерттеу» (Санкт-Петербург қаласы, 2001)
- «Бауыр және ет шығару жолдарының хирургиясы женіндегі жетекші оқу құралы» (Санкт-Петербург қаласы, 2003) оқу құралдарының, 30 жарияланымның авторы.
Қоғамдық қызметі
- Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (1999-2005).
- Ақмола облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды (2005-2011).
Марапаттары
- ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2002).
- Кәсіподақтар қозғалысының үздігі (2002).
- «Құрмет» орденімен (2002);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Басқа да мәліметтер
- Әскери атағы - медицина қызметінің запастағы капитаны.
- Үйленген. Жұбайы - Аяғанова Сәуле Ахметжанқызы (1955 жылы туған), мейірбике. ¥лдары - Ербол (1978 жылы туған), Петропавл қаласында банк бас қармасының орынбасары; Ерлан (1983 жылы туған), Ақмола облысы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер