Спанч Боб Шаршы Шалбар (ағылш. SpongeBob SquarePants) — «Nickelodeon » арнасында 1999 жылдың 1 мамырында тұсаукесері өткен американ мультсериалдарының бірі мультихикаясының басты рөліндегі кейіпкер. Кейіпкерді теңіз биологі және аниматор ойлап тапқан, ал, оны Том Кенни дыбыстаған.
Жалпы мәлімдеме
Спанч Боб Шаршы Шалбар — теңіз губкасы болғанымен, ас үй ысқышына ұқсайды. Сырт келбеті: үлкен көкшіл көзді, көп саңылаулары бар, шығыңқы , бетінде сепкілдері бар. Қалауы бойынша дене пішінін, қолының пішіні мен ұзындығын өзгерте алады. Күнделікті жеңі қысқа ақ көйлек, қызыл галстук және қоңыр шаршы тәріздес шалбар киеді. Осы себептен оның тегі «Шаршы Шалбар». Аяғында көк, қызыл жолақтары бар шұлық пен қара бәтеңке киеді.
Спанч Боб — « ресторанында аспаз. Айдың үздік жұмысшысы атағын осы жерде 1 000 106 рет алған. Қайық Мектебінде көлік айдауды үйренеді, алайда көлік айдау куәлігін әлі де ала алған жоқ. Ол үлкен «ананас-үйде» үй жануары ұлу Гэримен 124 Конч Стрит, , тропикалық арал астында, су түбінде орналасқан ойдан табылған қалада тұрады. Оның көршілері: сегізаяқ Сквидвард Тентаклс — ГубкаБобтың «Красти Крабтағы» әріптесі — кассир, және Патрик, теңіз жұлдызы, ГубкаБобтың жақын досы
Дереккөздер
- SpongeBob SquarePants profile on Xbox.com. Xbox.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 сәуір 2008.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 қараша 2008.
- Meet the Characters: Patrick Star. (2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 ақпан 2012. Тексерілді, 12 қараша 2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер