Су асты жоталары, мұхиттық ортаңғы жоталар – дүниежүзілік мұхит табанындағы тау жоталарының тізбегі. Олар жер геотектурасының жеке түрі ретінде қарастырылады. Жалпы ұзындығы 75000 км-ге жуық, ені 2000 км-дей, орташа биікт. 1000 – 3000 м, ең биік жерлері 6000 м-ге жетеді. Күрделі құрылымды жоталар тізбегінің биік бөліктерінде терең жүйесі орналасқан. Су асты жоталарын кейде деп атайды. Рифт белдемінде Жер шарындағы литосфералық тақталардың ажырау шекарасы (спрединг) орналасқан. Су асты жоталары Солтүстік Мұзды мұхит табанындағы , , жоталарынан басталып, Атлант мұхитындағы (Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант) ұласады. Ол Буве аралына дейін созылып, одан әрі Африка – Антарктида жотасы арқылы Үнді мұхиты табанындағы жалғасады. Одан солтүстік-батысқа қарай Арабия – Үнді, оңтүстік-шығысқа қарай Амстердам жарылымына дейін жетіп, әрі қарай ендік бағыттағы Австралия-Антарктида көтеріліміне жалғасады. Бұл жоталар тізбегі , одан әрі жалғасады. Су асты жоталарының ортатық бөлігіндегі рифт аңғарлары көлденең жарықтар жүйесімен тілімденген. Олар өте терең болғандықтан дүниежүз. мұхит табанындағы терең шұңғымаларға сәйкес келеді. Сондай жарықтардың бірінде Солтүстік және Оңтүстік Атлант жоталарын бөліп жатқан Романш шұңғымасы (7856 м) орналасқан. Рифт белдемі дүниежүз. мұхиттағы жер сілкіну мен жанартау орталығы болып саналады. Осы қозғалыстар әсерінен су асты жоталары біртіндеп биіктеп, жанартаулық аралдарға айналады. Оларға Исландия, , , т.б. (Атлант мұхитында), Пасха, (Тынық мұхитында), Амстердам, (Үнді мұхитында) аралдары жатады. Су асты жотары қазіргі тау жасалудың аса ірі ауданы. Мұхиттық жер қыртысы өте жоғары тығыздық көрсеткіші және мантиялық базальтты ультранегіздік ((протрузия)) жыныстардың көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан су асты жоталарында ірі лавалы үстірттер жиі кездеседі. Жинақталған базальтты лавалардың қалыңд. 300 м-ден 10 км-ге дейін жетеді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TWk4eVpDOGxSREFsUVRFbFJERWxPRE5mSlVRd0pVSXdKVVF4SlRneEpVUXhKVGd5SlVReEpUaENYeVZFTUNWQ05pVkVNQ1ZDUlNWRU1TVTRNaVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNNQ1ZFTVNVNE1DVkVNU1U0UWk1MGFXWXZiRzl6YzJ4bGMzTXRjR0ZuWlRFdE1qQXdjSGd0SlVRd0pVRXhKVVF4SlRnelh5VkVNQ1ZDTUNWRU1TVTRNU1ZFTVNVNE1pVkVNU1U0UWw4bFJEQWxRallsUkRBbFFrVWxSREVsT0RJbFJEQWxRakFsUkRBbFFrSWxSREFsUWpBbFJERWxPREFsUkRFbE9FSXVkR2xtTG5CdVp3PT0ucG5n.png)
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер