Судың минералдығы - суда еріген қатты бейорганикалық (минералдық) заттардың (иондар мен коллоидтер түріндегі) жалпы салмақтық мөлшері. Минералдылықтың түрлері және нақты шамасы (дәрежесі) болады.
Минералдық дәрежесі
Судың минералдығының дәрежесіне г/дм3 немесе мг/дм3-мен берілетін, төмендегідей шамалардың бірі жатады:
- тәжірибелік жолмен анықталған қүрғақ (қатты) қалдық;
- иондардың қосындысы; минералдық заттардың қосындысы; есептеп шығарған құрғақ қалдық. Минералдылықтың өзгешелігі судың химиялық типімен анықталады.
Судың минералдығының мөлшеріне қарай табиғи сулар:
- өте тұщы (0,2 г/дм3-ге дейін)
- тұщы (0,2—1,0 г/дм3)
- ащы (1-10 г/дм3)
- жай тұзды (10-35 г/дм3)
- өте тұзды (35-50 г/дм3)
- жай тұздық (50-75 г/дм3)
- тұздық (75- 150 г/дм3)
- тұзға қаныққан (150-330 г/дм3)
- тұзға өте қаныққан (330 г/дм3-ден астам) болып ажыратылады.
Химиялық құрамы бойынша
Жер асты суы химиялық құрамы бойынша басым аниондары мен каиондарының негізінде жіктемеленеді.Басым аниондары бойынша бөлінген судың ең көп таралған кластары мыналар: гидрокарбонатты {НСО ~ >25%-экв.), сульфатты (іSO42 >25%-экв), хлоридты (СГ >25%-экв.), күрделі құрамды (сульфатты-гидрокарбонатты, хлоридті-гидрокарбонатты, т.б.)Егер суды жіктеген кезде түздардың құрамы туралы деректер иайдаланылса, онда гидрокарбонатты-кальцийлі, гидрокарбонатты- магнийлі, сульфатты-кальцийлі, хлоридті-кальцийлі және т.б. су бөлінеді. Осылайша, жер асты суын толық сипаттаған кезде оның жалпы минералдану дәрежесі бойынша класы және басым аниондары мен катиондары бойынша типі көрсетіледі. Мысалы, ТМД-ның суропалық бөлігіндегі тереңде жатқан сулы горизонттарды сипаттаған кезде, олардың жалпы минералдылығы 270-350 г/л, құрамы бойынша хлоридті-натрийлі және хлоридті-натрийлі-кальцийлі тұздықтардан тұратыны көрінеді. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында жалпы жағдайда анық білінетін тік бағыттағы гидрохимиялық белдемділік анықталады. Жоғарыдан төмен қарай су мына ретпен орналасады: идрокарбонатты, сульфатты, ал ең соңында хлоридті су белдемдері.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер