Суықадыр – Шу-Іле тауларында, Желтау тауының қиыр солтүстік–батысындағы тау.
Суықадыр | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Биіктігі | 599 м |
Орналасуы | |
45°23′53″ с. е. 72°33′56″ ш. б. / 45.39806° с. е. 72.56556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°23′53″ с. е. 72°33′56″ ш. б. / 45.39806° с. е. 72.56556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының шығысында орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 599 м. Беткейлері сай-жыралармен сәл ғана тілімделген. Одан әрі тау беткейлері жазыққа ұласып кетеді. Суықадыр өңірінің ландшафтысы шөлді. Онда шөлге төзімді сораң шөптер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Геологиялық құрылымы
Суықадыр тауы, негізінен, төменгі палеозойдың тақтатасы мен магмалық жыныстардан түзілген.