Сүген қоңыздар, отынкескіш қоңыздар (ағылш. Cerambycidae) - қаттықанаттылар отрядына жататын қоңыздар. Жер шарында кең тараған, 25 мыңнан астам түрі белгілі. Орман ағаштарының қабығы мен сүрегіне жол салады және шөптесін өсімдіктердің сабағында, кейбір түрі топырақ арасында кездеседі. Денесінің ұзындығы 5-100 мм (реликт С.қ-ның ұз. 160 мм). Сопақ денелі, мұртшалар денесінің жартысынан ұзын (осыған байланысты кейде бұларды мұртты қоңыздар деп те атайды), реңі ашық түсті. Бұлар әр түрлі қоректі жануарлар, негізінен өсімдіктермен қоректенеді. С.қ-ы ағаштан жасалған бұйымдарды , ағаштан салынған үйлерді зақымдайды. Сондай-ақ (Monochamus galloprovincialis) және (Cerambux cerdo) жеміс ағаштарына; (Agapanthia dahlia) ауыл шаруашылық дақылдарына көп зиян келтіреді. Біздің елімізде сүген қоңыздарының 3 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген: Іле отынкескіш қоңызы (Turkaromia pruinosa) Іле, Қаратал өзендерінің жайылымдарындағы ормандарды мекендейді. Саны өте аз. Галузо отынкескіш қоңызы (Anoplistes galusoi) Ілде өзенінің аңғарларындағы Үлкен және Аяқты қалқан маңынан табылған. Қылшаны жөнсіз көп кесу қоңыздың санының азаюына әкелуде. Қазір олар «Алтынемел» табиғи саябағында қорғалады; (Hesperophanes heydeni) – үштік дәуірден қалған реликті түр. Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Қара Ертіс жайылымдарында таралған. Саны өте аз.
Сүген қоңыздар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Кіші тұқымдастары | ||||||||||||||
10 тұқымдасы белгілі |
Дереккөздер
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер