Сарыторғайлар немесе сұлыкештер (лат. Emberіzіdae) — сайрағыш торғайлар отрфдының тұқымдасы.
Сарыторғайлар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Spizella arborea | ||||||||||||
| ||||||||||||
Over 70, see text |
Еуразия мен Африканы мекендейтін 39 түрі бар. Қазақстанда Сарыторғайлардың 3 туысына жататын 17 түрі кездеседі. Сарыторғайлар ормандағы, далалық және шөлді аймақтардағы бұта не биік ағаштарды, кейбір түрі таудағы альпілік белдеуге дейін мекендейді. Сарыторғайлардың тұрқы 12,5 — 20 см, тұмсығы конус тәрізді, сүйір, кейде үрлеп қойған сияқты болады. Қауырсындары қоңырлау, қызыл қоңыр, кейде сарғылт түсті. Республикамызды мекендейтін Сарыторғайлардың құйрығында ойығы болады, ал Америкада тіршілік ететін Сарыторғайлардың құйрығы дөңгелектеніп не сатыланып келеді. Қазақстанда ең көп тараған түрі — сарғалдақ сұлыкеш (Еmberіza brunіceps), (Emberіza schoenіclus). Таулы аймақтардан ақбас сұлыкешті (Emberіza leucocephala), (Emberіza cіa), (жартас сұлыкешін) (Emberіza buchananі), тарышыл сұлыкешті (Emberіza calandra) кездестіруге болады. Сарыторғайларлардың кейбір түрі қайтпайтын құстар, кейбіреулері жылы жаққа қайтады не қыста тау етегіне қоныс аударады. Ұясын жерге немесе аласа бұтаға салады, аналығы 3 — 6 жұмыртқа басады. Негізінен өсімдік дәнімен, жазғы жәндіктермен қоректенеді. Сарыторғайлардың барлығы дерлік жақсы сайрайды.
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер