Сәбит Мұқанұлы Байжанов (1940 ж.т., Ерейментау ауданы, Елтай а.) — қоғам қайраткері. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
Ленинград қ-ндағы М.А. Бонч-Бруевич атынд. Электротехникалық байланыс ин-тын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Ин-тты бітірген соң Алматы телеорт-нда инженер, ауысым бастығы; Целиноград облысы телеорт-ның бастығы; 1971 — 76 ж. Целиноград облысы өндірістік-техн. байланыс басқармасы бастығының орынбасары, бас инженері, 1976 — 78 ж. Қазақстан Компартиясы Павлодар қ-лық к-тінің 2-хатшысы, 1981 — 87 ж. Екібастұз қ-лық атқару к-тінің төрағасы, 1987 ж. Талдықорған облысы атқару к-тінің төрағасы, 1987 — 88 ж. КОКП Орт. к-тінің инспекторы; 1988 — 90 ж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл облысы к-тінің 1-хатшысы, 1990 — 91 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы, 1991 — 94 ж. ҚР Өнеркәсіп министрінің орынбасары, 1994 ж. Қазақстан тұтынушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қыз- меттерін атқарған. КСРО Халық депутаты, 1989 — 92 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 10, 11-шақырылуының депутаты болған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 -
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер