ТАЙБҰҚА (туған жылы белгісіз – 1358) – Қытайдағы Юань әулеті кезіндегі саяси қайраткер. Қоңырат руынан шыққан. Құбылай мен оның мұрагерлері қытайларға пәрменді билік жүргізіп, оларды бақылап отыру үшін түркі тілдес тайпалардың өкілдерін пайдаланған. Оларды әскерге, түрлі қызметке қабылдап, Қытайдың ішкі өлкелеріне жіберген. Тайбұқа өзінің білгір, сабырлы мінезімен көзге түседі. Ол алдымен Қытайдың оңтүсіндегі провинция басшысының оң қол уәзірі, кейін астана қорғанысы бастығы ретінде императордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Орда құрылыстарын жүргізу қызметтерін атқарған. 1348 жылы Орталық үкімет кеңесінің мүшесі, 1352 жылы Хэнань провинциясының кеңесшісі болды, шаруалар көтерілісін тоқтатты. 1354 жылы жала жабылып, қызметінен босатылды. Бірақ көп ұзамай - провинцияларында сол қол уәзірі болды. 1356 жылы көтерілісшілерін жаныштады. 1358 ж. Астанаға шақырылып, қастандықпен өлтірілді.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Сілтемелер
- Сун Лян, “Юань ши” (“Юань патшалығының тарихы”), Пек., 1997.
- "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер