Тас ТОРҒАЙ (Petronia petronia) - үй торғайдың аналығына ұқсас құс. Одан айырмашылығы - жалпақ ақ қасты, бұлқын қауырсындардың әрқайсысының үштары ақтеңбілді және ересек құстың төсінде сары дағы болады.
Тас торғайы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() In Ariege, Midi-Pyrenee, France | ||||||||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Petronia petronia (Linnaeus, 1766) |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlF4TDFCbGRISnZibWxoWDNCbGRISnZibWxoWDJKaGNtSmhjbUZmVFVoT1ZDNWFUMDh1TWpBeE1DNHhNUzR5TVRBdU1TNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RVR1YwY205dWFXRmZjR1YwY205dWFXRmZZbUZ5WW1GeVlWOU5TRTVVTGxwUFR5NHlNREV3TGpFeExqSXhNQzR4TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Биологиялық сипаттама
Өте ширақ және қиқушыл. Аталығының әуені торғай шырылына ұқсас. Ұялары жартас жарықтарында, тас аралықтарындағы қуыстарда, құрылыстарда болады; інде де және ағаш қуыстарында орналасады. Салындыда 5-6 қоңыр теңбілді жасылдау жұмыртқалар болады. Жұмыртқа басуының егжей- тегжейлі дерегі мәлім емес. Балапандары үш аптаға жуық ұяда болады.
Таралуы
Солтүстік Африкадан Зайбайкальеге дейін таралған. Қазақстанда - батысында (Ырғызға және Каспий маңына дейін) және оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (Сырдариядан Алакөлге дейін) тауларда ұялайды. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келіп, күзде қазанда ұшып кетеді.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Petronia petronia. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.