Тасжаңғақ (Aflatunіa) – раушангүл тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Көксу өзенінің бойында кездесетін 1 түрі – (кәдімгі тасжаңғақ) (А. ulmіfolіa) бар. Ол тау беткейлері мен жырғаларда, шырша және жалпақ жапырақты ормандар арасында (1500 – 2500 м биіктікте) өседі. Биіктігі 3 – 5 м, тарбиған бұтақтары мен көптеген бұтақшалары бар. Қабығы сұрғылт, сұрғылт-қоңыр түсті. Жапырақтары қысқа сағақты, дөңгелек пішінді, ұзындығы 2 – 4 (6) см, жиегі ара тісті тілімделген, өркенге кезектесіп орналасады. Тостағанша жапырақшаларының түтігі цилиндр тәрізді (ұзындығы 3 – 5 мм). Күлтесі қызғылт түсті, оның ұзындығы 6 – 10 мм. Тұқымымен және вегетативті жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Жемісі – қызыл түсті, домалақ сүйекше. Жетісу (Жоңғар)Алатауынан жиналған тұқымынан Алматыда 1957 жылдан бастап өсіріледі.
Кәдімгі Тасжаңғақ – сәндік өсімдік, оны шабдалы мен бадамның телітушісі ретінде де пайдалануға болады. Өте сирек кездесетін реликт түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
Тағы қараңыз
- (Шегіршінжапырақ тасжаңғақ)
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер