Тасшоқы – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы доғал тау. Теңіз көлінен солтүстікке қарай 15 км, Қарабұлақ ауылынан 13 км жерде орналасқан.
Тасшоқы тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 2 км |
Ені | 1,5 км |
Биіктігі | 417 м |
Орналасуы | |
51°54′03″ с. е. 73°23′44″ ш. б. / 51.90083° с. е. 73.39556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°54′03″ с. е. 73°23′44″ ш. б. / 51.90083° с. е. 73.39556° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 417 м. Батыстан шығысқа қарай 2 км-ге созылған, ені 1,5 км. Беткейлері жайпақ, жыра, өзектермен тілімделген. Элювий шөгінділері жапқан ордовиктің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Даланың қызғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты әр түрлі шөптер өседі.