Татрең СҰЛЫКЕШ (Emberiza stewarti) - кішкене (15-22 г) алайда өте ашық түсті сұлыкеш.
Татрең сұлыкеш | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Emberiza stewarti (, 1854) |
Биологиялық сипаттама
Аталығының жоны - тат- түстес - сарғылт, жемсауындағы жалпақ белдігі, басы, екі жағы және бөтегесі -ашық сұр түсті. Аналығы бозғылт және біркелкі реңкті болып келеді. Бұталары бар тасты тау жартастарына ұялайды. Әуені - әдемі, нағыз сұлыкештер типтес. Ұялары - тас астына немесе тастар арасындағы таушада орналасқан. Салындыдағы 3-5 ұсақ нүктелі өрнектері бар ашық түсті жұмыртқаларды аналығы 12 күн басады. Ата-енелері бірлесіп, балапандарды осынша уақыт бунденелілермен (шегірткемен) қоректендіреді. Сірә, жылына бір рет қана балапан өргізетін болса керек.
Таралуы
Бұл иран-ауған-үнділік сұлыкеш. Қазақстанда ұзақ уақыт тек қана Батыс Тәңіртауда қоныстанды. Ол соңғы жылдары біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай таралып мекендеуде және енді Алматының оңтүстігіндегі тауларға да жетті. Қыста Орталық Азияның шегінен әрі ұшып кетеді. Қазақстанда 4 айға жуық - сәуірден тамыз айы бойы болады. 1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Emberiza stewarti. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.