Текес Артезиан алабы , Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауданы 1,8 мың км². Батыс бөлігі – Текес ойысы. сульфатты, кальцийлі-натрийлі тұщы су (минералдығы 0,15 – 0,9 г/л) жоғары плиоцен мен антропогеннің аллювий-пролювий текті шөгінділерінде жиылған. Барлау ұңғымаларының тереңдігі 24 – 230 м, су шығымы тәулігіне 430 – 1700 м3. Алаптың болжамды ғасырлық қоры 19 миллиард м3 мөлшерінде анықталған. Пайдаланылатын қоры тәулігіне 1,5 миллион м3, мұның ішінде толық барланғанының тәуліктік шығымы 170 мың м3. Теріскей Алатаудың мұздықтары суымен толысады. Алап суы елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, егін суаруға пайдаланылады.
Сілтемелер
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер