Бұл мақала әлі өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Тире
Тире бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады: Әркім – әуелінде өз ауылының баласы(М. Ә.). Тадж-Махал – тұманды көкті жарып шыққан шұғылалы тамшы, Тадж-Махал – жер-ананың жанарындағы мөлдір тамшы, ол – мынау даладағы және жолдың бойына өскен үлбіреген ақ бәйшешек (Ә. Әл.). Пысықтау – оқу анасы (К. У.). Біріңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан тире қойылады: Нағашылық, құрбылық, татулық – бәрі бір жерден шыққан соң, үшеуі жандай дос-ты (С. М.). Төл сөзден кейін тире қойылады: «Сапар газетке мақтап жазылыпты», – десіп сүйсінушілер де табылып жатты (М. И.). Жалпылауыш сөздер бірыңғай мүшелердің екі жағынан келгенде, бірыңғай мүшелердің екі жағынан да тире қойылады: Фатехпурдан Аграға дейінгі жол бойында ұзыннан-ұзақ созылған сауда қалалары екенін; оларда не тілесең, бәрі – алтын; күміс; піл сүйегі; қашмырлықтардың күні бүгінге дейін қалай тоқитындарын жан адамға ашпай, құпия сақтап келе жатқан таңғажайып үлбіреген жібектері – бәрі, бәрі табылатынын жазған... (Ә. Әл.). Диалог тиреден бастап жазылады: – Нем кетіпті, барып қайтам. – Құр барып қайтпа, алып қайт! – Берсе, алам ғой (М. И.).
Дерексөздер
- Дереккөз: Қазақ тілі. Жоғарғы оқу орнына түсушілерге арналған оқулық. Алматы «Білім» 1994–224 бет (Ш. Бектұров, М. Серғалиев)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер