Толыбай батыр (XVIII ғасыр) – Атығай руынан шыққан батыр. Ескі жырларда былай суреттеледі: Орта жүзден Найман Қабанбай батыр, Арғын Бөгенбай, , Қошқарбай, Мантай менен Қазыбегі. Толыбай, Тұрсынбай мен Баян батыр, Төлек және Тулақ найман тегі. Қалмақ шапқыншылығының кезінде он алты жасында Толыбай батыр жаудың қалың тобына жападан-жалғыз кеп тиісіп, қорықпай ұрысқа түсіпті. Жас батырдың жорықта жүрген кезінде, екінші бір жақтан кеп тиіскен жау мұның елін шауып, жандарын байлап, малдарын айдап әкетеді. Толыбай батыр астында жер апшысын қуырған ұзын бел торы ат, дұшпанды ізіне түсіп, қуып келе жатады. Жау қарасы көрінбейді, шырқап ұзап кеткен секілді. Күн шыжыған ыстық болса керек. Денесі пысыған батыр, омырауын алдан ескен самалға желпіткен боп, сауытының ілгегін ағытып, көкірегін ашық тастап, қатты ағындап келе жатады. Жаудың аңдып жатқан мергені нысанаға іліп, садақты тартып қалады. Сұм жебе батырдың өңешіне қадалады. Толыбай батыр «аһң деп, қолындағы шашақты найзаны жерге қадап қалғанда, ағып келе жатқан ұзын бел торы ат жұлып әкете алмай, шырқ үйіріліп кетеді. Артынан жігіттері жеткенде, жерге шаншылған найзаны қарсы ұстаған күйі тас мүсінше қатып қалған батырды көреді. Тақымы, қолы қарысып қалған өлі батырды олар аттан зорға түсіріп алады...Батыр өлді, бірақ елінің намысын қорғаған жайлы аңыз қалды, жыр қалды. « Толыбай батыр мерт болған оба» деген жер аты да бар. Ақын шежіресінде: «Сасықтан Жолдыбайдай батыр өтті, Толыбай жау қолынан қаза шекті. Ұрпағы Толыбайдың , Алыпты қалмақтардан ескі кекті, кекті » –, деп кектің алынғандығын жазыпты.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер