Топыраққала – көне қала жұрты. Арал теңізі маңында, Қарақалпақстанның Бируни ауданында орналасқан. Қала шамамен б.з. 1–2 ғасырларынан 6 ғасырға дейін өмір сүрген, 3–4 ғасырларда көне Хорезм мемлекетінің астанасы болған. 1938 жылы Хорезм археологиялық экспедиция (жетекшісі ) ескерткіште бірнеше рет зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қаланың жобасы тікбұрыш пішіндес, аумағы 500×300 м, әр жерде күзет мұнаралары бар, ішінен төбесі күмбезделе жабылған дәліз өтетін қалың қабырғамен тұтас қоршалған. Қаланың солтүстік-батыс бұрышын алып жатқан үлкен сарай жүйесі ескерткіштің ең басты құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндағы биіктетіліп, жасанды цоколь үстіне тұрғызылған сарайдың үш жағында, яғни солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік жағында 3 үлкен мұнара, ал солтүстік және шығыс жағында 2 аула орналасқан. Биіктігі 25 м-ге жуық, аумағы 40×40 м, ішінде көптеген бөлмелер шығарылған мұнаралар, сарай ғимараты балшықтан соғылған. Топыраққаланы қазу барысында барлығы 100-ден астам түрлі мақсаттағы бөлме, орындар ашылған. Сарайдың оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағында «гарем кешені» (көптеген сәнді әйел мүсіндеріне байланысты аталған), «қару-жарақ кешені» сияқты залдар, өте маңызды жазу үлгілері сақталған архив бөлмесі орналасқандығы анықталды. Сарайды зерттеу барысында табылған , мәнеттер, қару-жарақ бұйымдары (арасында үлкен садақтардың бөлшектері бар) сияқты заттай деректердің ішінде жазба мәтіндер сақталған көне құжаттар ерекше орын алады. Барлық табылған 100-ге жуық құжаттың 18-і ағаш тақтайшаларға түсірілген болса, қалғандары теріге жазылған. Ғылыми маңызы бойынша көне дәуірдің аса көрнекті ескерткішіне жататын Топыраққала алып құрамында болған Хорезм мемлекетінің алыс-жақын елдермен екі арадағы мәдени байланыстары жақсы болғандығын байқатады.
Дереккөздер:
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер