Торғайлар (лат. Passer) – торғайтәрізділер отрядына жататын құстар туысы.
Торғайлар | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Pyrtiga Cuvier, 1817 |
Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған, кейбір түрлері жерсіндіру мақсатымен Америка, Аустралия мен Жаңа Зеландияға апарылған. Қоразы мен мекиенінің сыртқы түсі әртүрлі: қораздарының тамақ асты қара түсті болады. Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Көптеген түрлері – синантропты. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Еуразия аймағында кең тараған түрлері: үй торғайы (P. domestіcus); (P. іndіcus) және (P. montanus). Орта Азия мен Кавказ сыртында ағаштарда үлкен топ құрып өмір сүретін испандық немесе қаратөс торғай (P. hіspanіolensіs) басым. Шөл даланы мекендейтін сексеуіл торғайы (P. ammodendpі); (P. sіmlex) мен Сахалин, Оңтүстік аралдарында кездесетін (P. rutіlans) адамдар мекендерінен тыс жерлерде тіршілік етеді. Үнді және испандық торғайлар – дәнді дақылдардың зиянкестері. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
![]() | Бұл — орнитология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |