ТРИПАНОСОМАЛАР (Trypanosoma) – қарапайымдардың , кинетопластидалар отрядының бір туысы. Трипаносомалардың 10-нан астам түрі белгілі. Дене мөлшері 1,4–2,4x1,5–40 мкм. Пішіні ұршық тәрізді, бір ядролы. Көлденең бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Трипаносомалар адамдар мен омыртқалы жануарлардың қанында, жұлынында және тіндерінде тіршілік етеді. Олар осмостық түрде қоректенуіне байланысты, кейбір түрлері эритроциттерді (қанның қызыл түйіршіктері) бұзатын улы заттар бөліп шығарады. Мұндай түрлері адамдарды, жабайы және үй жануарларын трипаносомоз ауруына шалдықтырады. Сонымен қатар Трипаносомалар адамдарда – “ұйқы”, тақтұяқтыларда – “қарақаптал”, түйе, жылқы, есектер мен иттерде – “су ауруы”, ірі қара малда – “наган” ауруларын тудырады. Ауру қоздырғышы жәндіктер (цеце шыбыны, қандала, сона, т.б.) арқылы жұғады. Сырқатқа шалдыққандардың бұлшық еттері мен буындары ауырып, қаны азаяды, ісініп қалшылдайды, лимфа жолдары ұлғайып, аяқ-қолдары жансызданып, салданып қалады. Қорғану жолдары: трипаносом қоздырғыштарын жою; гельминттерге қарсы қолданылатын дәрілермен емдеу.
Сілтеме
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер