Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін, су жиынтығының мөлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemMzTDBadlp5NXFjR2N2TWpJd2NIZ3RSbTluTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemsyTDBadlp5MHdNaTB4TURJMGVEYzJPQzVxY0djdk1qSXdjSGd0Um05bkxUQXlMVEV3TWpSNE56WTRMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekUzTDBOdmNuTmxMVzF2Ym5SaFoyNWxMV05vWlcxcGJpNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RRMjl5YzJVdGJXOXVkR0ZuYm1VdFkyaGxiV2x1TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
бойынша тұман суыну тұманы және булану тұманы; пайда болуының жағдайына қарай: массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну тұманы өз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман болып бөлінеді. Тұман көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында, химиялық өндірісте, жылу техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер