Түбек Байқошқарұлы (1780-1870) — ақын, айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі. Абай ауылына көршілес Найман ішінде Сыбан елінен шығып сол жерде өскен. Түбек ақын өзінің суырып салма ақындық өнерімен жас Абайға да үлкен әсер еткен. Ұлы айтыскер ақынды ұстаз тұтып, талантын жоғары бағалаған. Бұл туралы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында шынайы суреттеген.
Өмірбаяны
- Жастайынан суырып салма өлең шығарып, ақындығымен елге танылған.
- 15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда көптеген ақындармен сөз сайысына түскен,
- Түбектің Тезек тере, Сыбан Сабырбай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Балталы Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктерімен айтысына Мұхтар Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне үлкен баға берген.
- Поляк саяхатшысы А. Янушкевич 1848 жылы Семей облысында болған кезінде Түбек ақынмен кездесіп, бұл туралы өзінің «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» деген кітабында тебірене жазып, ақын талантына сүйсінген.
- 1863 жылы атақты Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып жеңуі Түбектің даңқын бүкіл Жетісу өлкесіне мәшһүр еткен.
- 1830 жылы ол Керекуге ақындығымен белгілі болған апалы-сіңлілі Жәкежан, Айымжандарды жеңген. Түбектің талантына орыстың түрколог ғалымы В. В. Радлов, ұлы ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин жоғары баға беріп, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырып шығарып, жинақтарға енгізген.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер