Түйетабан (Zygophyllum) – түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық өңіріндегі сор, сортаң топырақты далалы жерлерде, тастақты шоқы баурайында өсетін 30 түрі бар, оның 19-ы – эндемиктер. Биіктігі 5 – 20 кейде 50 – 80 см-ге жетеді. Сабағы бұтақтанған. Жапырақтары қос қауырсын пішіндес, етжеңді. Тостағанша жапырақшаларының саны – 4 – 5, ұзындығы 1,5 – 2 мм, күлтесі дөңгелек, ені 6 – 10 мм, ақ, сары не сарғыш түсті, гүлі бір-бірден, кейде екі-екіден жапырақ қолтығынан жетіледі. Қосжынысты, аталығының саны аналығынан екі есе көп, аталық жіпшелері қабыршақты, жатыны 3 – 5 ұялы, аналық аузы тұтас. Сәуір – шілде айларында гүлдеп, маусым – жеміс салады. Жемісі – қорапша, оның бірнеше дәнегі болады. Қаратау түетабаны (Z. Karatavіcum) – өте сирек кездесетін эндемик ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер