Түркістан Уәлаятының Газеті– Ташкентте Туркестанские ведомости газетіне қосымша ретінде тұңғыш қазақ тілінде шыққан аударма газет (1870 – 82). ресми органы. Бұл тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым болды. “Түркістан Уәлаятының Газеті” белгілі мақсатта патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газет. Оның пайда болуының және мерзімді басылым ретінде қалыптасуының негізгі обьективті алғышарты қазақ жерін отарлаудың одан әрі күшеюі болды. Газет патшаның отаршылдық саясатына көмектесу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің табиғат байлығын орыс капиталының талабына сай жан-жақты зерттеу мақсатында 12 жыл бойы шығып тұрды. Сонымен қатар газет бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында пайдаланылды. “Түркістан Уәлаятының Газетінің” алғашқы редакторы шығыстанушы Ш.М. Ибрагимов болды. Газет алғашында “Туркестанские ведомости” газетінің қосымшасы ретінде айына төрт рет, екі саны қазақша, екі саны өзбекше, 200 – 250 таралыммен шығып тұрды. өлкеде болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, т.б. сипаттағы үрдістер газет бетінде белгілі бір дәрежеде бейнеленді. “Түркістан Уәлаятының Газеті” шығып тұрған кезең қазақ халқының тарихында оларды толық және түпкілікті отарлау мақсатында жүргізілген кең көлемді шаралардың басталуымен ерекшеленеді. Сондықтан “Түркістан Уәлаятының Газеті”, ең алдымен Ресей империясының Түркістан жерін отарлау тарихының дерек көзі болып табылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер