Тұндырма - дәрілік өсімдік шикізаттарынан спиртпен арқылы алынатын сұйық дәрілік сорындылар. Тұндырманың дәмі, иісі, бояуы оны дайындауда қолданылатын дәрілік өсімдік шикізаттарға () ұқсас болады. ДӨШ-тің бір түрінен дайындалған сорындыны қарапайым, ал бірнеше түрінен алынған сорындыны – күрделі тұндырма деп атайды. Тұндырмаларды дайындау үшін кептірілген өсімдік материалдарын, ал кей кезде жас өсімдік шикізаттарын қолданады. Әсері күшті емес құрғақ стандартты шикізаттан тұндырманы 1:5 не 1:10 қатысында дайындайды. ДӨШ-тен әр түрлі тұндырмаларды дайындағанда, еріткіш ретінде спиртінің әр түрлі концентрациясын қолданады. Мысалы, меңдуана, бөріқарақат, шайқурай, т.б. тұндырманы дайындағанда 70%-дық, кейде 40%-дық спирт ретінде қолданылады. Тұндырманы , турбоэкстрациялы мацерация экстракт айналымы, бөлшекті мацерация, перколяция, қою және құрғақ еріткі-концентраттарды еріту әдістерімен алады. Тұндырманы 8С-тан төмен темп-рада бірнеше тәулік тұндырып, сүзіп тазалайды. Әсер етуші заттар тұндырманың мөлшерін, этанол концентрациясын, тығыздығын, құрғақ қалдықты анықтайды. Егер әсер етуші заттардың мөлшері жоғары болса, тұндырманы нормасына дейін сұйылтып, стандарттайды. Алынған тұндырмаларды түрлі шыны ыдыстарда қаттап, рәсімдеп, жарық түспейтін салқын жерде (12 – 15С) сақтайды. Тұндырмалар емдік тәжірибелерде жеке препарат ретінде ішке және сыртқа, сондай-ақ микстура, тамшылар, жағылмалар, пластырлар құрамына енгізіліп отырады.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер