Тұяқбай Зейтұлы Рысбеков (1947 жылы туған, Талас ауданы Ақкөл ауылы) – ғалым, тарих ғылымының докторы (1991), профессор (1992), акададемигі, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының корреспондент-мүшесі.
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы | |
---|---|
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы | |
Дүниеге келгені: | 1947 Жамбыл облысы, Талас ауданы, |
Өмірбаяны
1971 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1971 – 74 жылы Орал педагогикалық институтында оқытушы, 1974 – 77 жылы ҚазМУ-де аспирант, 1977 – 97 жылы Орал педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор, ректор болып қызмет атқарған. 1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры. 1 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарған. 130-дан аса ғылыми еңбек, соның ішінде 4 монография жазған. «Қазақстанға еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» атағына және Ы.Алтынсарин атындағы медальға ие болған.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егемен Қазақстанның өркендеуі».
Хоббиі
Хоббиі - спорт, кітап оқу, ғылыми мақала жариялау.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер мен тарихи романдар.
Үй жағдайы
Үйленген. Жұбайы - Шынтемірова Баян Ғаббасқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қыздары - Салтанат, Ләззат, Жанна. Немерелері - Аңсар, Айсұлтан, Аяна.
Шығармалары
- Өскен өлке тарихы, Орал, 1997.
- Советы в борьбе за подьем культуры аула и села (1933 – 40), М., 1985
- Методика использовании краеведческого материала на уроках истории КазССР, Уральск, 1989
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер