Төлен Қабылов(1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Асысаға ауылы - 10.4.1945, Ресей, Калининград облысы, қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты.1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, З-Беларусь майданы 43-армия 24-гвардиялық атқыштар дивизиясы 72-атқыштар полкі құрамында Сталинград шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Беларусь, Литваны азат етуге қатысқан. 1945 жылы 10 сәуірде Кенигсберг қаласы (қазіргі Калининград) түбінде Қабылов басқарған бөлімше жау танкілеріне қарсы шайқасты. Осы ұрыста Қабылов жау танкісін өзімен бірге жарып, ерлікпен қаза тапқан. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен өжеттігі мен қаһармандығы үшін Қабыловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.4.1945). Туған ауылындағы мектеп Қабылов есімімен аталып, батырға бюст орнатылған. Калининград қаласындағы Өлкетану мұражайында Қабыловқа арналған бұрыш бар және қаладағы таңдаулы балықшы траулері, сонымен қатар Алматы көшелерінің бірі батырдың есімімен аталады. Ленин, , 3-дәрежелі ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер