Шаханов Төлеу, Т.Иргайлин.(25.12.1942, Ақмола облысы, Еркіншілік ауданы Бестөбе кеніші - 25.4.1994) - ақын, жазушы, аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). Аудандағы "Знамя", "Еңбек туы" газеттерінде корректор, аудармашы, әдеби Қызметкер болып қызмет істеген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Ленинская смена","Семиречье", "Қазақ әдебиеті", "Жалын" баспаларында редактор, "Қазақфильм" киностудиясында алқа мүшесі болып қызмет атқарған. Фантастика жанрында қазақ тілінде "Көгілдір мұнаралар" (повестер мен әңгімелер), "Жоғалған жауһар" (повесть) атты кітаптары жарық көрді. К.Әзірбаевтың, Н.Ахметбектің, Д.Қанатбаевтың өлеңдері мен поэмаларын орыс тіліне аударған. Ол аударған венгр жазушысы Крянгенің "Өжет әтеш", М.Светловтың "Мальчик-Кибальчиш" спектакльдері республикалық балалар қуыршақ театры сахнасында қойылып жүр. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Шығырмалары
Бәйге. Өлеңдер. 1966; Шуақты күн. Өлеңдер. А., 1968; Білесің бе, бұларды? Өлеңдер. А., 1972; Қос шапқыншы. Өлеңдер мен поэма.1974.
Дереккөздер
- Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 -
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
бас әріп
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер