Уоңка (кейде Уоңқа; ағылш. Wonka) — хикаятына негізделген фэнтези жанрындағы америкалық-британдық фильм-мюзикл, (1971) фильмінің приквелы. Фильмнің режиссёрі — , дистрибьюторы — және басты рөл сомдаған актерлері — Тимоти Шаламе, , , Роуэн Аткинсон және басқалары. Фильм 2023 жылғы 15 желтоқсанда жарық көрді.
Уоңка | |
ағылш. Wonka | |
Фильмнің театрлық тұсаукесер постері | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
|
Продюсері |
|
Сценарийдің авторы | Сюжет: |
Басты рөлдерде | |
Операторы | Чһоң Чһоң Һун |
Композиторы |
|
Кинокомпания |
|
Дистрибьютор |
|
Ұзақтығы | 116 минут |
Бюджеті | 125 миллион $ |
Кассалық түсімі | 632.3 миллион $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм | (сюжеті бойынша) |
IMDb | |
Ресми сайты |
Фильм Уилли Уоңканың қалай шоколад фабрикасын ашқаны жайлы баяндайды.
Рөл сомдағандар
- Тимоти Шаламе —
- — жемқор полиция басшысы
- — Уилли Уоңканың анасы
- Роуэн Аткинсон — жемқор шіркеу басшысы
- Мэттью Бэйнтон — Фикльгрубер
- Саймон Фарнаби
- Рич Фулчер
- Кобна Холдбрук-Смит
- — Артур Слагворт
- Хью Грант — Лофти, Уоңканың досы болатын Умпа-Лумп
- Калах Лейн
- — Продноуз
- Колин О'Брайен — жас
- — Пайпер Бенц
- Раки Такрар
- Элли Уайт
Өндірісі
2016 жылғы қазанда Роалд Далдың хикаятына қайта құқығын алды, мен Майкл Сиглдың басшылығында сол хикаят негізінде жаңа фильмнің жасалып жатқаны жарияланды. 2018 жылы жоспарланған актерлер тізімінде , Райан Гослинг және Эзра Миллердің бар болғаны және фильмнің (1971) приквелы болатыны белгілі болды.
2021 жылғы қаңтарда фильм режиссерінің болғаны және басты рөлді Тимоти Шаламе, не Том Холланд сомдайтыны және фильм атауының «Уоңка» (ағылш. Wonka) болатыны жарияланды. Мамыр айында рөлге Шаламе таңдалды және фильмде бірнеше музыкалық нөмірдің орын алатыны белгілі болды. Кингтің айтуынша Шаламе оның жалғыз таңдауы болған, Кинг YouTubeтан Шаламенің мектептегі актерлігін көріп, оның мюзиклге икемі бар даусы, керек хореографиялық қабілеті бар екенін көргесін Шаламені таңдағанын айтқан. Шаламеге қатысқаны үшін 9 миллион доллар берілді.
Релизі
«Уоңка» фильмінің 2023 жылғы 20 қарашада Токиода арнайы тұсаукесері болды, оған режиссері Пол Кинг, продюсерлері Дэвид Хейман, Александра Дербюшир және жұлдыздары Тимоти Шаламе мен Хью Грант қатысты. Фильмнің дүние жүзі бойынша тұсаукесері 28 қарашада, Лондондағы Royal Festival Hallда орын алды, фильмнің театр тұсаукесері Ұлыбританияда 8 желтоқсанда болды. Фильм бастапқыда 17 наурыз күні жарыққа шығады деп жоспарланған еді.
Қабылдауы
Түсімі
22 желтоқсан, 2023 жылғы санақ бойынша фильм АҚШ пен Канадада 57.5 миллион доллар жинаса, басқа территорияларда 113.2 миллион және жалпы дүние жүзінде 170.7 миллион доллар жинаған.
Сыншылардың пікірі
Rotten Tomatoes 276 сыншыларының 84% фильмге оң баға берді, фильмнің орташа рейтингі 7.3/10 болды. CinemaScore сайтының көрермендері фильмді A+ пен F арасындағы бағалау жүйесі бойынша фильмді "A–" бағасын қойды және PostTrak көрермендері оған 85% оң баға берді, олардың 64% фильмді басқаларға ұсынамыз деді.
Ескертпелер
- Фильмнің ресми қазақша субтитрлерінде Willy Wonka есімі Уилли Уоңқа деп аударылған және фильмнің атауы сәйкесінше Уоңқа деп жазылған. Оған қарамастан, сайттардың көпшілігінде, соның ішінде ticketon.kz сайтында Уоңқаның орысша есімі, Вилли Вонка, сақталған. Уоңка жайлы кітаптардың қазақша аудармасында кейіпкердің есімі Уоңка деп жазылған. Бірнеше эксперт, соның ішінде Раиса Сайранқызы есімнің бұл нұсқасын қолдаған.
Дереккөздер
- Wonka (2023) - Technical specifications - IMDb (ағыл.). Тексерілді, 22 желтоқсан 2023.
- Vary, Adam және Rubin, Rebecca Box Office Predictions for 2023: Will Tom Cruise, Super Mario and a Bear on Cocaine Save Movie Theaters?. (3 қаңтар 2023). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Wonka (2023).
- Wonka — Financial Information.
- Maqsache, Arzaman Кинода Willy Wonka-ны Уилли Уоңка деп бейімдепті. Жақсы шешім екен (қаз.). QazaqGrammar Telegram (8 қаңтар 2024). Тексерілді, 8 қаңтар 2024.
- Вилли Вонка (қаз.). ticketon.kz. Тексерілді, 23 желтоқсан 2023. Мұрағат көшірмесі 23 желтоқсанның 2023 Wayback Machine мұрағатында
- Қожабек, Назгүл Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек (қаз.). Калькасыз қазақ тілі (9 қаңтар 2024). Тексерілді, 17 наурыз 2024.
- Paterson Joseph - Contributor Biography (ағыл.). Dialogue Books (27 December 2022). Тексерілді, 27 желтоқсан 2022. Мұрағат көшірмесі 27 желтоқсанның 2022 Wayback Machine мұрағатында
- Vejvoda, Jim Hugh Grant Plays an Oompa Loompa in the Willy Wonka Prequel (ағыл.). (25 April 2023). Тексерілді, 25 сәуір 2023. Мұрағат көшірмесі 25 сәуірдің 2023 Wayback Machine мұрағатында
- Kroll, Justin Willy Wonka New Film in the Works From David Heyman and Warner Bros. (Exclusive) (ағыл.). (19 October 2016). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Sneider, Jeff Exclusive: Donald Glover, Ryan Gosling Lead WB's Willy Wonka Shortlist (ағыл.). (5 June 2018). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Chitwood, Adam Exclusive: Producer David Heyman Confirms Willy Wonka Movie Is a Prequel (ағыл.). (5 November 2018). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- D'Alessandro, Anthony Warner Bros. Dates Willy Wonka Prequel For 2023 With David Heyman Producing (ағыл.). (19 January 2021). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Sneider, Jeff Timothée Chalamet to Play Willy Wonka in New Movie From Paddington Director (ағыл.). (24 May 2021). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- 'Wonka' trailer: Timothée Chalamet meets Hugh Grant's Oompa-Loompa (ағыл.). NME (11 July 2023). Тексерілді, 23 желтоқсан 2023.
- Phillip, Riann Timothée Chalamet As Wonka Makes Perfect Sense, Actually (ағыл.). Vogue (11 December 2023).
- Lang, Brent; Donnelly, Matt және Rubin, Rebecca Inside Movie Stars' Salaries: Joaquin Phoenix Nabs $20M for Joker 2, Tom Cruise Heads to Over $100M and More (ағыл.). (20 July 2022). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Wonka World Premiere (ағыл.). Warner Bros.
- Timothée Chalamet & Hugh Grant Star In The New Wonka Movie, the Prequel To Charlie And The Chocolate Factory (ағыл.).
- Wonka (2023) (ағыл.). Box Office Mojo. Тексерілді, 23 желтоқсан 2023.
- Wonka — Financial Information (ағыл.). The Numbers. Тексерілді, 23 желтоқсан 2023.
- Wonka (ағыл.). Rotten Tomatoes. Тексерілді, 23 желтоқсан 2023.
- D'Alessandro, Anthony 'Wonka' Yummy With $39M Opening As Musicals Bounce Back At The Box Office – Sunday Update (ағыл.). (17 December 2023). Тексерілді, 23 желтоқсан 2023.
Сыртқы сілтемелер
- Фильмнің ресми сайты
- IMDbдегі Уоңқа (ағылшынша)
- Ticketon сайтындағы Уоңқа
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер