Усанович теориясы – қышқылдық-негіздік әрекеттесудің жалпылама теориясы. Оны академик ұсынған (1938). Теорияның басты ерекшелігі – 20 ғ-дан бері химиялық ғылымында қалыптасқан қышқылдық қасиеттің әмбебап иесі саналған сутекті жоққа шығару болды. Усанович қышқылдарға негізбен әрекеттесіп тұз түзуге қабілетті болатын бөлшектерді жатқызды. Солардың қатарында барлық катиондар, соның ішінде протондар бар. Негіздер қатарына табиғаттағы қышқылдарға қарама-қарсы заттар жатқызылады, өйткені олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз түзеді. Демек, барлық аниондарда негіздік қабілетті бөлшек бар, себебі оларқышқылдық табиғаты бар катиондармен тікелей қосылып тұз түзеді.
Усановичтің қышқылдар мен негіздерге берген анықтамасы бұдан бұрынғы әйгілі болған иондық, сольвожүйелер және протондық, электрондық теориялардың анықтамаларын қамтиды.
Усанович теориясында химиядағы үйреншікті екі ұдайлылық (амфотерлік) қасиеттер кеңейте талқыланады, себебі ол барлық полюсті қосылыстарға тән. Полюсті бөлшектің молекуласының электр терістілігі жағынан катионқышқылдық, ал электрон жағынан анион-негіздік қабілетке ие болатындықтан олар әрдайым екі ұдайлылық қасиет көрсетеді. Жалпы алғанда заттар мен бөлшектердің әрекеттесетін серіктесіне байланысты қышқылдық немесе негіздік рөл атқаруы қышқылдық-негіздік табиғаттың салыстырмалы сипатқа ие болатынын дәлелдейді. Әрі бұл Усанович теориясының диалектілік мәнін аша түседі. Қарама-қарсы қасиеті бар заттар мен бөлшектердің, яғни қышқылдар мен негіздердің өзара күресі, дәлірек айтсақ, химиялық әрекеттесуі олардың бастапқы қасиеттерін әлсіретеді, көбіне түгелдей жойып жібермейді. Осыдан барып барлық дерлік заттарға белгілі бір дәрежеде қышқылдық (негіздік) қасиеттер тән деген қорытынды шығады, әрі ол сол заттың қышқылдар (негіздер) класына жатуына тәуелді еместігін көрсетеді.
Усанович теориясы дәстүрлі химиялық реакциялармен қатар кешентүзу процестерін де қамтиды. Ол көптеген жайлардың сырын айқын ашып берді. Мысалы, күрделі қалайы (ІV) мен сүрменің (ІV) галогенидтеріне қосылып, алил катионды бөліп, электролиттік диссоциацияға ұшырауын тек жалпылама теория тұрғысынан түсіндіруге болады. Кейбір аниондар электрон жұптарының доноры бола алмайды және протон қосып ала алмайды, алайда өзінен катиондар бөліп шығарып, күшті негіздік қасиет көрсете алады, олар ВН4 немесе АlН4. Бұл бөлшектер анықтамасы бойынша негіздерге жатпайды, өйткені бос электрон жұбы жоқ, дәл осылайша көзқарасына сай өзіне протон қосып ала алмайтындықтан негіз бола алмайды. Ал өзінен Н-анионын бөле отырып, негіздік функцияға ие болатынын Усанович теориясы ғана дәлелдеп береді. Мұндай кешенді аниондарға сәйкес келетін сутекті қышқылдар бос күйінде кездеспейді, сондықтан оларды Усанович «болмайтын қышқылдар» деп атаған. Усанович теориясы кез келген жай және күрделі заттың, зарядты бөлшектің құрамына сүйеніп, олардың мүмкін болатын хим. қасиеттерін күні бұрын болжап бере алады. Усанович теориясы химияда кеңінен қолданыс тауып келе жатқан жалпылама теория болып саналады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер