Уәзір (араб.: - уазир) - мейл. әкімш. басшысы. Құранда бұл сөз «көмекші» деген алғашқы мағынасында қолданылады. Мұхаммедтің (с.а.у.) мұрагерлік сайлау барысында да осы мағынада қолданылған. Онда мұхаджирлер ансарларға былай деген: «Бізден - әмір, ал сізден - уәзір». Әбу Саламның тұсындағы Аббас әулетінде Уәзір «әулие көмекшісі» деген құрметті атақтың құрамдас бөлігі ретінде қолданылды. Әл- Мансұрдың (754 - 75) тұсында ғана Уәзір әкімш-тің басшысы ретінде қолданылған. Ортағасырлардағы арабтардың тарихи және әдеби шығармаларында Уәзір Сасани әулетінің вузург фрамандары деп аталды. Мұндай үйлестіруге, бәлкім, Аббас әулетінің Уәзір қызметі мен вузург фрамандарының атқаратын міндетінің толық сәйкес келуі негіз болған шығар. Уәзірдің мемл. әкімштің басшысы ретінде тарихтан орын алуы, сөз жоқ, Аббас әулеті тұсындағы Иран мәдени дәстүрінің қайта өрлеуімен байланысты. Уәзірдің негізгі міндеті әкімш. пен қаржыны реттеу болды. Әскер мен заң қызметіне араласқан жоқ. Батыста тап осындай міндет атқаратын адам басқаша аталды. Осман империясында бірнеше Уәзір болды. Соның ішінде Ұлы Уәзір ғана сұлтанның алдына кіру құқығын иеленді. Ахмедтің (1703 - 30) тұсында Уәзір лауазымын бір ғана адам иеленді. Кейінірек ол ірі елді мекендердің патшаларына жүктелді. Нағыз уәзірлік қызметті тек Ұлы Уәзір ғана жүзеге асырды. Осымен бір мезгілде ол сұлтан мөрінің сақтаушысы да болды.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер