Фенолфталейн, , 4,4-, С20Н14О4 – үш фенил метан тобына жататын қосылыс. Суда нашар, спирт пен эфирде біршама жақсы еритін түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ зат. Балқу t 259 – 263°С, қышқыл мен негізді анықтауда (рН 8,2 – 10 болғанда таңқурай реңді қызыл түске боялады) және дәрі жасауда қолданылады. Фенолфталейнді NaOH қосып балқытқанда 4,4-диоксибензофенон, концентрлі күкірт қышқылын қосып қыздырғанда фенол және оксиантрахинон түзіледі. Фенолфталейнді фенол мен фталь ангидридін ZnCl2 қатысуында 105 – 110°С-та балқыту арқылы алады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelV3TDFCb1pXNXZiSEJvZEdoaGJHVnBiaTV3Ym1jdk1qQXdjSGd0VUdobGJtOXNjR2gwYUdGc1pXbHVMbkJ1Wnc9PS5wbmc=.png)
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер