Тебес (Мысыр) (көне грекше: Θῆβαι, ежелгі мысыр тілінде - Уасыт) – Мысыр елінің ежелгі астанасы. Ніл өзеннің бойында орналасқан. Жазба деректерде б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан бастап белгілі. Бүкіл Мысырды біріктірген ХҚ әулет перғауындары кезінде (б.з.б. 22 – 20 ғасырлар) Тебес елдің астанасына айналды. Кейбір жекелеген перғауындар өз орттарын басқа қалаларға ауыстырса да Тебес Орта және Жаңа патшалық кезінде де астана болып қала берді. 22 – 23 (ливиялық) әулет кезінде (б.з.б. 10 – 8 ғасырлар) Тебес саяси орталық ретінде өз маңызын жоғалтып, діни орталыққа айналды. Мұнда құдайының жартылай тәуелсіз жоғары шенді абыздарының сарайы орналасты. Шамамен б.з.б. 730 жылы Тебесті патша жаулап алды. Ал б.з.б. 663 жылы қаланы ассирия патшасы Ашшурбанипал қиратып, астана елдің солт-не көшірілгеннен кейін Тебес өз рөлінен айрылды. Діни орталық ретінде өз маңызын сақтап қалғанына қарамастан біртіндеп шалғай қалаға айналды. Б.з.б. 88 жылы қала кезекті халық көтерілісін басу кезінде мүлдем талқандалды. 19 ғасырдың 1-жартысынан бастап әр түрлі елдердің ғалымдары Тебес ғибадатханаларын қалпына келтіру мен қазба жұмыстарын жүргізе бастады (неміс ғалымы – , ағылшындар – , , америкалық , т.б.). Тебес аумағында үлкен ғибадатханалық ансамбльдер (шығыс жағалауындағы ) орналасқан. Батыс жағалауында негізінен некропольдар (, т.б.) мен перғауындардың табыттары қойылған ғибадатханалардың қалдықтары сақталған. Олардың ішінен ҚҚҚ-нің (б.з.б. 15 ғасыр, арх. , ұлы) ғибадатханасы, гректер “” деп атаған перғауынның екі алып мүсіні, ғибадатханадан Нілге қарай кететін сфинкстер аллеясы (сфинкстердің екеуі қазіргі кезде Санкт-Петербургте), Рамсес ҚҚ перғауынның ғибадатханасы () көпке танымал болды. Тебеске жақын жердегі ежелгі Мысыр кешенді құрылысы орналасқан. Тебестің тұрғын үйлері зерттелген жоқ, өйткені олар қазіргі қаланың астында қалып қойған.
Сілтемелер
Қазақ Энциклопедиясы, 9-шы том.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер