Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.
- Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады.
- Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.
Тіл бірліктері |
Деңгейлер бойынша |
Фонема вариациясы
Фонема вариациясы (лат. variat - өзгеру) орыс. вариация фонемы — фонемалардың қосымша варианттарының (аллофондардың) жалпы атауы. Олар негізгі вариантқа қарама-қарсы қойылып қаралады. Бұл құбылыс орыс тіліне тән.
Фонемалардың айырым белгілері
Фонемалардың айырым белгілері — фонемаларды бір-бірінен ажырататын белгілер.
- Мысалы: т—д дыбыстарының айырым белгілері — олардың бірінің қатаң, екіншісінің ұяң екендігі, с—з дыбыстарының айырым белгілері — бірінің шұғыл, екіншісінің ызың, а—ә дыбыстарының айырым белгілері — олардың жуан-жіңішке екендігіне байланысты.
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық (лат. differens - ажырату) белгілері деп аталады.
Фонемалардың жұптас жіктері
Фонемалардың жұптас жіктері (лат. binarius - жұп) орыс. бинарная классификация фонем — дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т. б. жұпталып жіктелуі.
Фонемалардың негізгі белгілері
Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері.
- Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі.
Жалпы тіл білімінде Фонемалардын конститутив белгілері (лат. constitutio - орнату, анықтау) термині колданылады.
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер