Фрэнк Джеймс Лэмпард (ағылш. Frank James Lampard, Jr; 20 маусым 1978 жыл, Лондон, Англия) - ағылшын футболшысы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Фрэнк Лэмпард | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 184 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 84 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клубтағы мансабы
Вест Хэм Юнайтед
Фрэнк 1994 жылы «Вест Хэм Юнайтедтің» жастар командасында ойнады, 1 жылдан кейін профессиональдік контракка қол қойды. 1995 жылы қазан айында Екінші дивизиондағы "Суонси Сити" клубына жалға беріліп, мансабының алғашқы ойынында 2 :0 есебімен « жеңді. «Суонси Ситиде» 9 матч өткізіп,1 гол соқты. 1996 жылы қаңтарда қайтадан «Вест Хэм Юнайтедке» оралды. Алғашқы матчын «Ковентри Ситиге» қарсы өткізіп, қалған матчтарда қосалқы құрамда отырды.
Келесі жылы, «Астон Виллаға» қарсы ойында аяғын сындырып, мезгілінен бұрын маусымды аяқтады. 1998/99 жылы алғаш голын «Барнслиге» соғып, командасына Премьер-Лигада 5 орынды алуға көмектесті.
Өзінің серігі мен досы Рио Фердинанд командадан кеткеннен кейін, ол да басқа клубқа көшуді жөн көрді. Лондонда қалып, "Челсиге" 11 млн.фунтқа ауысты.
Челси
2004/05 маусымда жақсы ойын көрсетіп, Премьер-Лигада жартылай қорғаушылар арасында 13 голмен үздік бомбардир атанды. Осы маусымда Фрэнк «Челсидің» лидерлерінің бірі болып, қатарынан 164 матч өткізіп, тарихта ізін қалдырды.
2005/06 маусымда «Челсимен» Англия чемпионы атанып,тағы да 20 голмен үздік бомбардир атанды.2006/2007 маусымында көктер арасындағы алғаш барлық матчты өткізгеен футболшы атанды. Сондай-ақ Фрэнк 2005 жылы УЕФА мен ФИФА бойынша ең үздік 3 футболшының бірі боп, тек Роналдиньодан жеңіліп қалды.
2008 жылы финалында соққан голы интрига болды, себебі сол голды Фрэнк қайтыс болған анасы үшін соққан еді. Осы турнирдің Фрэнк үздік ойыншысы атанды, бірақ кубокті командасы жеңе алмады.
2013 жылы 11 маусымда Лэмпард 2 голды «Астон Вилла» клубының қақпасына соғып, Бобби Тэмблингтің рекордын жаңартты, «Челсидің» үздік бомбардирі атанды.
Соңғы «Челси» үшін голын Фрэнк 2014 жылы 5 сәуірде премьер-лиганың 33 турында «Сток Ситиге» соқты.
Нью-Йорк Сити
2014 жылы 24 шілдеде Лэмпард MLS «Нью-Йорк Сити» клубымен 2 жылдық келісім шартқа қол қойып, ресми ойыншысы атанды.
Манчестер Сити
3 тамызда «Манчестер Сити» өзінің серігі «Нью-Йорк Ситиден» Лэмпардты жалға алды, себебі Америкада чемпионат тек 2015 жылы қаңтар айында басталатын. 2014 жылы 21 қыркүйекте 79 минутта өзінің бұрынғы клубы «Челсиға» қарсы матчта алаңға шықты. Осы матчта 85 минутта «Челси» қақпасына гол салып,есепті теңестірді.
Ұлттық құрамадағы мансабы
Алғашында Фрэнк 21 жасқа дейінгі Англия құрамында ойынп,ол жақта 9 гол соқты. Ал негізгі құрамада тұңғыш рет 1999 жылы 10 қазанда Еуро-2000 чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен ойнады, 2:1 есебімен жеңіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.
2004 жылғы Еуропа Чемпионатында Лэмпард 3 гол соқты. Бірақ 2006 жылғы әлем чемпионаты ол үшін сәтсіз өтті, себебі Англия топтан шыға алмады, Фрэнк бір де бір гол соқпады. 2012 жылы Еуропа чемпионатына бара алмады, оған жамбасындағы жарақаты кедергі болды, оның орынына «Ливерпульдің» ойыншысы Джордан Хендерсон барды. 2013 жылы 6 ақпанда Бразилияға гол соғып,1990 бері алғаш Бразилия қақпасына гол соққан ағылшын атанды.
Бапкерлік карьерасы
2018 жылы 31 мамырда "Дерби Каунтидің" басс жаттықтырушысы боп тағайындалды. 2018/19 жылғы маусымда клуб чемпионшипте 6-шы орында қалды.
2019 жылы 4 шілдеде "Челсидің" бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Жетістіктері
Командалық
- Интертото: 1999
- Англия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2009/10
- Англия кубогы (4): 2007, 2009, 2010, 2012
- Англия Лига кубогы (2): 2005, 2007
- Англия суперкубогы (2): 2005, 2009
- УЕФА чемпиондар лигасы: 2011/2012
- УЕФА Еуропа Лигасы: 2012/2013
Жеке
- Англия чемпионатының үздік ойыншысы: 2004/05
- "Челси" тарихындағы үздік мерген: 211 гол
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелері
- футболшының профилі 29 қазанның 2014 жылы. 'Fifa.com сайтында (ағыл.)
- футболшының профилі Thefa.com сайтында (ағыл.)
- футболшының профилі Worldfootball.net сайтында (ағыл.)
- футболшының профилі Football-lineups.comсайтында (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер